ФОРУМ ТУРАЛЫ
«Корпоративтік басқару: реформалардан нәтижелерге — болашаққа бағдар»
Астана — корпоративтік басқару саласындағы халықаралық диалог орталығы!
Corporate Governance Forum 2026 — Қазақстан мен Орталық Азиядағы корпоративтік басқарудың болашағын айқындайтын маңызды халықаралық алаң.
Форум «Атамекен» ҰКП Төралқасының жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің аясында, «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтеді.
Форумға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен ірі бизнестің басшылары, тәуелсіз директорлар, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Франция және Орталық Азия елдерінің беделді сарапшылары, сондай-ақ ЕҚДБ, IFC және ЭЫДҰ өкілдері қатысады.
Назарда — корпоративтік басқарудың өзекті бағыттары:
- Директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыру және тәуелсіз директорлар институтын нығайту;
- Халықаралық басқару стандарттары мен корпоративтік жауапкершілік;
- Жасанды интеллект (AI Governance) және цифрлық трансформация;
- Тәуекелдерді басқару, іскерлік әдеп және комплаенс;
- Өңірлік даму және Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастық.
Corporate Governance Forum 2026 — стратегиялық шешімдер, озық тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер тоғысатын алаң!
Реформалардан — нақты нәтижелерге! Болашаққа — бірлескен бағдар!